Соғыс 5 күнге тоқтады - Трамп
АҚШ Иранның энергетикалық нысандарына соққы беруді бес күнге тоқтатады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді. Ақ үй басшысының Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл шешім Вашингтон мен Тегеран арасындағы сәтті әрі нәтижелі келіссөздерден кейін қабылданды деп жазды.
Алайда Иран мұндай сөз айтылған жоқ деп отыр. Иранның "Тасним" мемлекеттік ақпарат агенттігі Ақ үймен тікелей байланыс болмағанын мәлімдеді. Ал, Иран Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, келісімге келу жөніндегі ұсынысты делдалдар жолдаған, бірақ жауапсыз күйінде қалған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: