Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ерлан Смаилов өзіне қол салған.
Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінде болған. Белгілі болғандай, Ерлан Смаилов ауыл әкімі қызметіне 2026 жылдың 17 ақпанында ғана тағайындалған. Бұған дейін ол Майское-Агро серіктестігінде директордың орынбасары қызметін атқарған.
Қайғылы жағдай 18 мамыр күні болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: