Солтүстік Қазақстанда өрттен зейнеткер көз жұмды
Солтүстік Қазақстанда өрттен зейнеткер ажал құшты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында жеке тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранған.
Қызыл жалынды сөндіру барысында үй иесі, 68 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда, дейді құтқарушылар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: