Қазақстан жаңалықтары11 сәуір 2024, 13:31

Сот: Бишімбаевтың інісі қайғылы күнде не болған егжей-тегжей баяндады

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастыруда. Екінші сотталушы Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтан жауап алу басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Байжанов, ең алдымен, Салтанат Нүкенованың отбасына көңіл айтып, «осы жантүршігерлік қайғыдан зардап шеккендердің барлығына шын ниетімен қайғырып көңіл айтатынын» атап өтті. Бұл ретте сотталушы өз айғағын қағаздан оқыды.

"Мен Салтанатты жақсы білетінмін, оны жақсы жағынан білдім. Барлығынан кешірім сұраймын. Ең алдымен Салтанаттың отбасынан, жақындарымнан. Ата-анамнан, әйелімнен, балаларымнан. Мен мойнымдағы жауапкершілікті толық түсінемін.Сол тағдырлы күнгі жағдайды толық түсініп, бағалай алмағаным үшін қатты өкінемін. Менің әрекеттерім мен әрекетсіздігім енді жаңа қырынан көрініп тұр. Мен сіздердің алдарыңызда барлығы қалай болғанын түсіндіріп, айтып беремін», - деп Байжанов айғақтарын оқи бастады.

Айғақ беру кезінде екінші сотталушы таңертең Гастро орталығына келгенде «Бишімбаев түні бойы төбелесіп, жанжал шығарып, ішімдік ішіп, Салтанатты тағы да ұрып-соққанын» білгенін айтты. Оның айтуынша, бұл туралы оған жұмысқа келмес бұрын айтқан екен.

«Сол кезде түсінбедім, бәрінің қаншалықты сындарлы, салдары қиын болатынын болжай алмадым, Салтанаттың өміріне қандай қауіп төніп тұрғанын елестете алмадым, бұл өмір мен өлім мәселесі деп ойламадым», - деп жалғастырды Байжанов куәгерлігін. 

Байжанов өз куәлігін қағаз бетінен оқып берді.

"Кешке (8 қараша – ред.) мен жұмыстан 21:00 шамасында келдім. Кеш әдеттегідей өтті, бүкіл отбасымызбен кешкі ас іштік. Бір-екі күннен кейін қамауға алынатынымды сездіретін ештеме болмады. Құрметті алқабилер, құрметті сот, мен сіздерге сол күні не болғанын, есімде қалған нәрсенің бәрін айтып бергім келеді. 

Одан әрі оның айтуынша, 9 қараша күні сағат 7:00-де Байжановқа «Бау» мейрамханасының күзетшісі қоңырау шалып, Бишімбаев пен Салтанат мас күйінде кетіп қалмақ болғанын, бірақ көлік жол жиегіне соғылып, өтіп кеткенін айтқан.

Біраз уақыттан кейін Байжановқа мейрамхана меңгерушісінен хабарлама келіп, «Бишімбаев түні бойы төбелесіп, мейрамханада жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан жігіттердің жұмысына кедергі келтірді» деген.

«Үйде отырғанда мен Данияр (күзетші – ред.) мен Қарлығаштан (менеджер – ред.) Қуандық пен Салтанат түні бойы мейрамханада болғанын білдім. Сол жерде тағы бір жанжал болды. Шынымды айтсам, бұл маған жаңалық емес. Мен онша таң қалмадым. Мен олардың жанжалдарына үйреніп қалғанмын; жанжал, үнемі жанжал, кейде төбелеске айналатын, жиһаздың бүлінуі және басқа да тәртіпсіздіктер. Осының бәрі олар бірге өмір сүре бастағаннан кейін қалыпты жағдайға айналды. Мен мұны неге айтып отырмын? Өйткені мен олардың жанжалын жиі көрдім "Мен Салтанаттың денесінің көгеріп жүргенін бір емес, бірнеше рет көрдім. Олардың үйіне жиһаз жөндеушілерді бір емес, бірнеше рет сынған шкафтар мен есіктерді жөндеуге жіберуге тура келді. Содан кейін жөндеушілер есеп беру үшін фотосуреттерді жіберді, онда мен барлық қираған дүниені өз көзіммен көрдім», - деп жалғастырды Байжанов.

Сотталушы ұялы телефонында сақталған барлық фотосуреттерді беруге дайын екенін айтты.

"9 қараша күні таңертең. Мен әлі үйдемін, жанжал болғанын білемін. Сағат 9:30 шамасында Бишімбаев қоңырау шалып, мейрамханаға келуімді айтты. Неге екенін айтпайды. Мейрамханаға дейін 10-15 минут уақыт кетеді. Мен бәрібір Гастро орталыққа жұмысқа баруға дайындалып жатыр едім. Жұмысқа таңғы сағат 10 шамасында өз көлігіммен келдім. Екінші қабатқа көтерілгенімде, VIP кабиналардың бірінде жарық жанып тұрды. Бишімбаев есікті ашып, "кірме" деді. Одан ішімдік иісі аңқып тұрды, бірақ ес-түсін біледі. Сол кезде оның үстінде астынан жейдесі жоқ қара костюм болды. Мен кабинаға кірмек болдым, бөлменің бұрышын көзім шалып қалды. Диванның шетінде отырған Салтанатты көрдім. Үстінде жартылай ашық қара плащ. Байқағанымда, плащтың астында киім жоқ екен, қысылғанымнан, көзімді бұрып әкеттім», - деді Бақытжан Байжанов.

Байжанов Нүкенованы сол күні алғаш көрген сәті еді. Осыдан кейін Бишімбаев Байжановтан көрпе әкелуді өтінді.

«Көрпені бергеннен кейін есік алдында күтіп тұрдым, екі минуттан кейін Бишімбаев телефон соғып: «Кетеміз» деді.

Бақытжан Байжанов сотта Салтанат Нүкенова өлер алдында оның қолын қатты қысып алғанын айтты. Енді Байжанов бұл оның көмекке белгі беру тәсілі болды деп болжайды.

«Мен көрпелерді бергеннен кейін есік алдында күттім. Екі минуттан кейін Бишімбаев телефон соғып: «Үйге барамыз, көмектес» деді. Сол кезде ғана кабинаға кірдім. Салтанаттың тынысы сәл тезірек және қаттырақ естіліп жатты. Мен жай, ұйықтап жатқан шығар деп шештім. Шынымды айтсам, мен бұл сәтте оған онша мән бермедім, өйткені олардың түні бойы ұйықтамай, ішімдік ішкенін білгендіктен. Енді ғана түсіндім, оның тез тыныс алуын шаршағаны деп есептегенім - менің жіті байқамағанымнан», - деді Байжанов сотта.

Одан кейін Бишімбаевпен Салтанатты жатқан жерінен көтермек болған. Осы кезде Байжанов оның бетінің көгергенін көреді.

"Мен кабинаға кірген соң, Бишімбаев екеуміз Салтанатты көтеріп тұрғызбақ болдық. Сол кезде Салтанат орнынан тұрмақ болғанда менің қолымнан қатты қысты. Ол басын сәл көтерді, тік ұстады деуге болады. Салтанат менің қолымды қатты қысты. Енді ойлаймын, мүмкін ол сол кезде Салтанат көмек сұрағысы келген шығар, қандай да бір белгі бергісі келді ме ... Білмеймін. Мен осыны әлі ойлаймын. Салтанатты көтергенде Бишімбаев айтты, автотұраққа түсуіміз керек деп. Менің көлігім сыртта тұр дедім. Сосын ол маған көлікті тұраққа апару керек деді. Салтанатты диванға қайта отырғызғанымызда, оның сол жақ көзі ісіп, қызарғанын байқап қалдым. Басқа ерекше ештеңе байқамадым. Әрине, мен оны егжей-тегжей қарай алмадым. Оның үстіне қасымызда күйеуі болды», - деді Байжанов. 

Байжановтың айтуынша, ол Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы жанжалға үйреніп қалған, араласа алмаған.

«Мен олардың үнемі жанжалдасып жүргенін, Бишімбаевтың Салтанатқа қол көтеретінін бұрыннан білетінмін.  Оған үйреніп қалғаным сонша, бұл мені таң қалдырмады. Мен бұл жағдайға әсер ете алмадым. Салтанатқа адам ретінде қатты жаным ашитын. Бірақ өзімнен жасы үлкен Бишімбаевқа сөз айтып, ақыл айтуыма қазақы діл, қазақы тәрбие, кішіпейіл мінезім мүмкіндік бермеді. Немесе олардың отбасылық өміріне, қарым-қатынасына араласуға. Отбасылық мәселе отбасының ішінде шешілуі керек деген сенімім болатын», - деді Бақытжан.

Естеріңізге сала кетейік, Arbat.TV Бишімбаев ісіне қатысты барлық сот отырыстарының видеосын күн сайын жариялайды. 

Айта кетсек, Бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша сот оның адвокаттарының сот залына кіргізілмеуінен басталды.

Бишімбаевтың адвокаты судьяны сайлау құқығынан айыру туралы айтты. Содан кейін трансляция үзілді. Кейін судьяны құқығынан айыру өтініші қанағаттандырылмағаны жарияланды. 

 

 

 

 

Бақытжан Байжанов Бишімбаев соты жауап беру жауап алу

Тақырыпқа жаңалықтар