Сотта Нұрай Серікбайдың қалай өлтірілгені жария етілді
Шымкентте өтіп жатқан сот отырысында судья марқұм Нұрай Серікбайдың қаза болуына қатысты айыпталушының тергеу барысында берген жауабын толық оқып берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Онда күдікті қылмыс болған күнгі жүріп өткен бағытын, Нұраймен кездескен сәтін және оқиғадан кейінгі әрекеттерін егжей-тегжейлі баяндаған.
Айыпталушының тергеу кезінде берген жауабына сәйкес, 2026 жылғы 11 қаңтарда ол туысының бесік тойына қатысқан. Кейін Telegram арқылы Нұрай Серікбаймен хабарласып, кешкі уақытта кездесуге келіскен. Отбасын үйіне жеткізіп салғаннан кейін, Нұрай тұратын көпқабатты үйдің жанына барған.
Жауапта айтылғандай, көлігінен түсер кезде автокөлігінің бардачогында тұрған қара қаптағы пышақты алып, үстіндегі киімінің қалтасына салған. Шамамен бес минуттан кейін Нұрай сыртқа шыққан. Айыпталушы оны Президент саябағына қарай серуендеуге шақырғанын, алайда Нұрай үндемей үйіне қарай бет алғанын айтқан.