ШҚО-да екі жұмысшы кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған

Бүгін ШҚО-да «Молодежный» КМК-нің екі қызметкері Қасым Қайсенов кентіндегі №11 үйдің маңында кәріз құбырларын тазалау жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жұмыс барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған. Әріптесіне көмектеспек болған екінші жұмысшы да құдыққа түсіп, есінен танған.

Оқиғаны сол маңнан өтіп бара жатқан Ұлан ауданының криминалисі байқап, кәріз құдығы жанындағы адамдардың айқайын естіген. Ол дереу учаскелік полиция инспекторына хабар берген.

Санаулы минут ішінде алдымен бір жұмысшыны, кейін екіншісін шығаруға көмектескен. Одан соң екі азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

ШҚО Кент Кәріз құбыры Жұмысшы

Тақырыпқа жаңалықтар