ШҚО-да инфекция өршіп, 24 мектеп онлайн оқуға көшті
Шығыс Қазақстан облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияның көбеюіне байланысты 3 мыңнан астам оқушы қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазіргі уақытта өңірдегі 24 мектепте 169 сынып онлайн форматқа ауыстырылған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, 1 қазаннан 17 қарашаға дейін облыста 46 мың адам ЖРВИ жұқтырған. Оның шамамен 60 пайызы - балалар.
Аурушаңдық әсіресе Өскеменде байқалады. Қаладағы 18 мектепте сыныптар онлайн оқуда. Сондай-ақ Күршім ауданының 3, Ұлан ауданының 2 мектебінде де осындай жағдай тіркелген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: