«ШҚО-да көктайғақ»: құтқарушылар жолдан үш көлікті сүйреп шығарды

ШҚО-да құтқарушылар жолдан үш көлікті сүйреп шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түнде Ұлан ауданында құтқарушылар көктайғақ себебінен автокөлікпен тұрып қалған азаматтарға көмекке келді.

«Автокөліктерді құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен сүйреп шығарды. Сонымен қатар ішінде 1 нәресте бар 4 адам жақын елді мекенге жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖМ қыс мезгіліне өз автокөлігіңізді жабдықтау қажеттілігін еске салады.

ТЖМ ШҚО құтқарушы Көлік
Кеше, 18:37 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:36 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар