СҚО-да тағы бір әскери қызметші өлі табылды
Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылды. Оқиға 21 қыркүйекке қараған түні Петропавлда болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы СҚО қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Мәлім болғандай, оқиға қызметтен тыс уақытта болған.
«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: