ШҚО-дағы Марқакөлде қардың қалыңдығы 15 см-ге жетті

ШҚО-дағы Марқакөлде қардың қалыңдығы 15 см-ге жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының таулы жерлерінде қыс басталды. Бүгін қар қалыңдығы кей жерлерде 10-15 сантиметрді құрап, бірнеше күн бойы ауа температурасы -5-12°С аралығында құбылып тұр.

Жалпы, Марқакөлдің таулы аумағында қыс қатты, қарлы болады. Бұл - Қазақстан мен Алтайдағы ең суық жер. Орташа тәуліктік температура 0°С-тан төмен болатын кез 203 күнге созылады.

«Қыста аяз қатты болады, температура кейде -45°С, кейде -53°С-қа дейін төмендейді. Желтоқсаннан ақпанға дейін бірнеше апта бойы ауа температурасы -35-40°С шамасында болады», - деп хабарлады Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы.

ШҚО Әкімдік Қар Климат

Тақырыпқа жаңалықтар