Сталкинг жасағандарға 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Сталкинг жасағандарға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.
Қайта-қайта қоңырау шалып, хабарлама жіберіп, әлеуметтік желілер арқылы бақылап, бір сөзбен айтқанда адамның еркінен тыс ізіне түсу – бұл қылмыс.
Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиясына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан Ішкі істер министрілігі аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады.
Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: