Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
Талғат Момышев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жаңа вице-министр 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
1997–1998 жылдары Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
1998–2000 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің аппаратында жалпы бөлімнің аға референті және инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы болды.
2000–2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде жұмыс істеді. «Метрология» РМК Алматы филиалының басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары, Астана қаласы бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік басқармасының бастығы және Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директоры болып жұмыс істеді.