Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында ел күтпеген тосын жағдай болды

Бүгін, 7 шілде күні Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты жалғасуы керек еді. Бірақ техникалық себептерге байланысты сот кешігіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Бір отбасының төрт адамын өлтірді деп күдікке ілінген Сұлтан Сөрсемалиевке қатысты сот отырысы техникалық себептерге байланысты кешігіп жатыр», - деп жазды сотқа қатысушылар.

Сұлтан Сәрсемәлиев – 2025 жылдың соңында Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған іс бойынша айыпталушы.

Тергеу нұсқасы бойынша, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайының туыстары – қайын атасы, қайын енесі, әйелінің ағасы және әпкесін өлтірді деп айыпталған. Сондай-ақ жәбірленушілердің бірінің атына заңсыз несие рәсімдеу және өзге де айыптар тағылған.

Прокуратураның мәліметінше, жанжалдың негізгі себебі бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы балаларды тәрбиелеу, тұрғылықты жер және ұзаққа созылған отбасылық келіспеушіліктер болған.

Сот материалдарында Сәрсемәлиев пен бұрынғы жұбайы 2016 жылы некеге тұрғаны, олардың бес баласы бар екені айтылған. Кейін ерлі-зайыптылар ажырасып, балалар анасымен қалған. 2026 жылдың мамыр айынан бастап іс сотта қаралып жатыр. Сот барысында прокурор қылмыстың болжамды мән-жайларын жариялап, айыпталушы өз жауабын берген.

Кейінгі сот отырыстарында айыптау актісі нақтыланып, бұрынғы отбасылық қатынастар мен басқа да мән-жайлар жария етілді.

Сұлтан Сәрсемәлиев Отбасы сот Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар