Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды.Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
– Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментігің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: