Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Шымкент, Алматы және Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Топтың 4 қатысушысы - топ басшысы, дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан екі қатысушы, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы құрықталды. Күдіктілердің 9 интернет-алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын - 141 млн теңгеден асады», - делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: