Шымкентте отшашудан кейін өрт шықты

Шымкентте отшашудан кейін өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Республика күніне арналған мерекелік шара кезінде болды.

25 қазан кешке фейерверктен кейін құрғақ шөп тұтанып, өрт шыққан.

Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады.

ТЖД мәліметінше, өрттің аумағы шамамен 250 шаршы метрді құраған. Оны сөндіруге 18 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылған.

 

отшашу Шымкент Өрт Мереке

Тақырыпқа жаңалықтар