Шымкентте сұмдық әрекетке барған ер адам ұсталды
Шымкентте есірткі дүкені мен зертхананың ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласының ПД қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген есірткі дүкені мен есірткі зертханасының ұйымдастырушысы «Б» есімді азаматты ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «DDD_Shym» интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады.
Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.