Шымкентте турникке асылып қалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Шымкентте турникке асылып қалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Қ. Қазиев көшесі бойындағы мектеп аулаларының бірінде болған.
20 жастағы жігіт кермеге (турник) байланған қалың жіпке асылып қалған.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, аталған оқиғаға қатысты Тұран аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексiнің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Экспертиза да тағайындалған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: