Шымкентте университетте 321 млн теңге жымқыру ісі сотқа жолданды
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департамент директорлары, қойма меңгерушісі және мердігер ұйым басшылары бар.
Тергеу дерегінше, олар тауарды жеткізбей немесе бағасын қолдан өсіріп, жалған сатып алу шарттарын рәсімдеген.
Нәтижесінде мемлекетке 321 млн теңге залал келген. Іс бойынша күдіктілер 264 млн теңгені өтеген, сот санкциясымен 4 үй, 1 көлік және шоттардағы 40 млн теңгеге тыйым салынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: