Шымкентте жоғалған баланың денесі шұңқырдан табылды
Шымкентте Тұран-1 шағын ауданында 1-сынып оқушысы су толы қоршалмаған құрылыс шұңқырына құлап мерт болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қайғылы оқиға 12 сәуір күні болды. Жеті жасар бала сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Бала үйге оралмағаннан кейін туыстары іздей бастайды. Өкінішке қарай, шамамен 22:00-де оның денесі екі метрдей тереңдікте су толған шұңқырдан табылды. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шұңқырдың ашық жатқанына біраз болған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кетіпті. Тұрғындар қауіпті аумақты қоршау туралы өтінішпен жауапты органдарға бірнеше рет хабарласқанымен, ешқандай шара қолданылмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: