Placeholder Талғардағы қаралы үйдің өртенуі - Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2024, 13:14

Талғардағы қаралы үйдің өртенуі - Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Алматы облысында жанжал кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың үйі бүгін түнде өртенді. Бұл жағдайға байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Бас прокуратура мәліметіне сәйкес, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды. Сондай-ақ қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске салайық, сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт сағат 01:43-де толығымен жойылды, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Одан кейін Шерзаттың туған-туыстары мен Талғар тұрғындары ашық тергеу болуын талап етіп, наразылыққа шыққан болатын.

Шерзат Болат Өрт үй Бас прокуратура

Тақырыпқа жаңалықтар