Танымал футболшы жол апатынан көз жұмды
«Ливерпуль» футбол клубы мен Португалия ұлттық құрамасының 28 жастағы футболшысы Диогу Жота Испанияның Самора аймағында болған жол-көлік апаты салдарынан ағасымен бірге қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Диогу Жота өткен аптада ғана үйлену тойын атап өткен болатын.
Басылым деректеріне сәйкес, апат Санабриядағы А-52 автожолының 65-шақырымында болды. Жолаушылар отырған көлік жолдан шығып кетіп, өртеніп кеткен.
Диого Жотамен бірге көлікте оның ағасы Андре де болған. Ол да қаза болды. Ол – кәсіби футболшы еді, Испанияның «Пеньяфьель» командасында өнер көрсететін.
Биыл Жота «Ливерпульмен» бірге Англия Премьер-лигасын, ал Португалия құрамасымен Ұлттар лигасын жеңіп алған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: