Танымал өнер адамының күйеуі әйелінің ректор болу үшін пара ұсынған
Қазақ ұлттық музыка академиясын 25 жыл басқарған скрипкашы Айман Мұсақожаева жылы орнын қайтарамын деп алаяқтарға ұрынды, деп хабарлайды Arbat.Media Orda.kz сайтына сілтеп.
37 жастағы Семей тұрғыны өзін ҰҚК төрағасының туысы деп таныстырып, 200 мың долларға Айман Мұсақожаеваны ректор лауазымына қайта орналастыруға уәде берген.
Сотталушы Арман Тәженов Айман Мұсақожаеваның күйеуінен әйелінің қызметін қайтару үшін әуелі 200 мың доллар, кейінірек тағы 100 мың доллар сұраған.
Алайда 2024 жылдың басында қызметінен босатылған скрипкашының лауазымы сол күйі қайтпады. Қомақты қаражат алаяқтың қалтасында кетті.
Арман Тәженов былтыр қарашада ұсталып, Алмалы аудандық сотында ісі қаралды. Мәдениет қайраткерін алдап соққан ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмысын мойындады.
Атақты скрипкашы 1998 жылдан бастап Қазақ ұлттық музыка академиясын басқарды. Ол 2024 жылдың басында зейнетке шыққан еді.