Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді
Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бас хатшысы қызметінен кетеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ұйым жаңадан бас хатшысын тағайындайды.
27 қарашада Бішкекте өтетін саммитте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) төрағалық Қырғызстаннан Ресейге өтеді.
Ұйымның басқару құрылымындағы ротация қағидатына сай, Қырғызстан мемлекет басшыларының қарауына ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына жаңа кандидатура енгізеді.
Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқарып келеді.
Еске салсақ, Бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов Украина "дұшпандарының" тізіміне енгізілді еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: