Қазақстан жаңалықтары22 маусым 2024, 11:00

Тасқын: 1000-ға жуық бала «Балдәурен» лагерінде демалды

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында келесі аптада жаңа маусым басталады. Биылғы жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді, әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрби беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.

«Биыл орталықта 5800 бала демалды, 842-сі зардап шеккен аймақтардан. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау, СҚО-дан 17 бала келеді. Күзге дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала демалыспен қамтылады», - дейді «Балдәурен» РОСО баспасөз қызметі.

Тасқын Балдәурен лагерь Демалыс

Тақырыпқа жаңалықтар