Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2025, 11:30

Теміртауда қарияны айуандықпен ұрып кеткендер қамалды

Теміртауда қарияны соққыға жыққан 9 күдікті 2 айға қамалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ресми мәлімет бойынша, олардың жетеуі жасөспірім, екеуі ересек адамдар. Ең қатаң бұлтартпау шарасын таңдауға жасалған қылмыстың ауырлығы себеп болған.

Бұл іс бойынша қажет сараптама тағайындалды. Жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ жасөспірімдерді тәрбиелеу міндетін орындамаған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл дерек бойынша жеке тергеу жүргізіліп жатыр.

Қарағанды, Теміртау, соққы, қария

Тақырыпқа жаңалықтар