Қазақстан жаңалықтары19 ақпан 2024, 9:12

Тина Канделаки косметикалық брендінің қазақстандық сайты ашылмай тұр

Ресейлік журналист Тина Канделакидің косметикалық бренді елдегі дүкен сөрелерінен жоғала бастады. Ansaligy брендінің қазақстандық сайты да ашылмай тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады

Қаңтар айында Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқанын айтып, дау тудырған еді. Кейінірек ҚР Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакидің Қазақстанға кіргізілмейтінін мәлімдеді.

Жақында Ansaligy брендінің тауарлары елдегі ірі косметикалық дүкен сайттарынан жоғала бастады. Бренд тауарлары маркетплейстерде қолжетімді.

Сондай-ақ Ansaligy брендінің Ресей, Армения елдеріне арналған ресми сайттары жұмыс істеп тұр, ал Қазақстан, Өзбекстан сайттары уақытша қолжетімсіз.

Тина Канделаки қазақстандық сайт жұмыс істемейді

Тақырыпқа жаңалықтар