Топардағы сібір жарасы: Науқастардың бірі көз жұмды
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қабылдаған барлық шараларына қарамастан, сібір жарасымен жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы науқас қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Науқастың өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы.
Сібір жарасын жұқтырған қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.
Қарағанды облысының Топар кентінде карантин жарияланды. Елдімекеннен сібір жарасы табылған болатын.