Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған шабуылдарын айыптады

Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған шабуылдарын айыптады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді” - делінген хабарламада.

Тоқаев Иран БАӘ Пікір

Тақырыпқа жаңалықтар