Тоқаев қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Астанада тұрғын үй қасбетінің құлауы салдарынан ауыр жарақат алып, кейін қайтыс болған елордалық жедел жәрдем станциясының 23 жастағы фельдшері Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды", - делінген ресми хабарламада.

23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның көз жұмғаны туралы кеше белгілі болды. Ақпаратты Астақа қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі растады. Жедел жәрдем қызметкері 8 қарашадан бері жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан болатын.

Астана Медбике фельдшер Президент

Тақырыпқа жаңалықтар