Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады

Бүгін, 12 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәслихат депутаттары форумы өтті. Форумда мемлекет басшысы 15 наурызда өтететін референдумға тоқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тоқаев жаңа Ата заңды технологиялық өрлеуге, жасанды интеллектіні дамытуға және жаппай цифрландыруға жол ашады деп санайды.

«15 наурызда әр азаматымыз қазақ елінің жасампаздық жылнамасына өз қолтаңбасын қалдыра алады. Бұл – нағыз тарихи сәт. Мұндай сәт үнемі бола бермейді. Осы орайда, Мен Қазақстан жастарына тағы да арнайы үндеу жасағым келеді. Референдумға белсене қатысу – ел тағдырына бей-жай қарамау деген сөз. Сол күні өз таңдауыңды жасау – туған елдің жарқын болашағын Өз қолыңмен құру деген сөз», — деді елбасы.

Тоқаев түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатқанын айтты.

Тоқаев Басшы референдум Заң

Тақырыпқа жаңалықтар