Тоқаев тағы бір жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл комиссия құрылатыны жайлы Тоқаев 20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда айтқан.

Комиссияның 100-ден астам мүшесі болады. "Құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар кіреді" деген еді Тоқаев. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.

Президент "комиссия Конституцияға өзгерістер мен парламент реформасына қатысты барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейтінін" айтқан. Сол жоба әзірленген соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақыт белгіленеді.

Ақорда Тоқаев Жарлық Конституция

Тақырыпқа жаңалықтар