Тоқаев Жапонияға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Ертең, 18 желтоқсанда ол бірқатар маңызды кездесулер өткізеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді. Ертең мемлекет басшысы Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.
Ақорда бұған дейін Қазақстан президенті Орталық Азия-Жапония саммитіне қатысатынын хабарлаған болатын. Сапар 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: