Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2023, 18:00

Төреғали Төреәлі Алматыда көше сыпырып жүр

Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған әнші Төреғали Төреәлі Алматы қаласындағы саябақтардың бірін сыпырып жүр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, әр адам заңға бағынуға міндетті екенін айтты.

«Сот үкімі бойынша мен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылдым. Түске дейін саябақты тазаладық. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, Отаным, елім, жерім. Әлбетте, Әнұраны бар, көк Туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңға бағынуымыз керек. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр», – деді Төреғали Төреәлі.

Төреғали Төреәлі қоғамдық жұмыс сыпырушы көше

Тақырыпқа жаңалықтар