Төрт елге электромобильдерді баж салығынсыз кіргізу мүмкіндігі ұзартылды
Беларусь, Армения, Қазақстан және Қырғызстанға электромобильдерді баж салығынсыз кіргізу мүмкіндігі ұзартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еуразия экономикалық комиссияның кеңесі ЕАЭО-ның төрт еліне кіргізілетін электромобильдерді кедендік баж салығынан босату түріндегі тарифтік жеңілдікті 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
«Кедендік баж салығын төлеуден тек Беларусь Республикасында, Армения Республикасында, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын азаматтар ғана босатылады. Бұл ретте электромобильдерді Ресей Федерациясының азаматтығы бар және (немесе) тұрақты тұрып жүрген азаматтар иелігіне беру, пайдалану немесе оларға билік ету құқығын беруге рұқсат етілмейді», - деп түсіндірді ЕЭК-тан.
«Тарифтік жеңілдіктерді қолдану мерзімін ұзарту электр көліктеріне сұранысты ынталандыруға, оларды өндіруге және зарядтау станциялары желісін дамытуға бағытталған басқа шаралармен бірге мұндай көліктердің кең таралуына ықпал етеді деп күтілуде», - деп түсіндірді шешімді ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.
Қазіргі уақытта электромобильдерге ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифінің импорттық кедендік баж салығы ставкасы кедендік құнның 15 пайызына тең.
Бұрынғы шешімдерге сәйкес, ЕАЭО елдеріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге шектеулі мөлшерде әкелінетін электромобильдер үшін кедендік баж салығынан босату түріндегі тарифтік жеңілдік ұсынылды.