Түлектер мектеп бітіру кешін мерекелеудің орнына қайырымдылық жасады

Астаналық түлектер мектеп бітіру кешін мерекелеудің орнына қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

№111 мектептің 11-сынып түлектері аттестаттарын алып, ерекше бастама көтерді.

Түлектер онкология бөлімінде ем алып жатқан балаларға қолдау көрсетіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Оқушылар балаларға арналған сыйлықтар мен ойыншықтар жинап, жүрекжарды тілектерін жолдады.

Қатысушылар қолдарына «Сен Қаһармансың», «Бүгін мен мектепті аяқтасам, ертең сен де аяқтайсың» деген плакатпен емделіп жатқан балаларға жігер берді.

Мектеп Оқушы Түлек Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар