Тұрғын-үй кезегінде мақсатқа жету санатының реті жаңартылады
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары18 қазан 2024, 12:00

Тұрғын-үй кезегінде мақсатқа жету санатының реті жаңартылады

Тұрғын-үй кезегінде тұрған азаматтардың баспанаға қол жеткізу санатының реттілігі жаңартылмақ. Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан үй-жай енді Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген адамдарға, өзге мемлекеттің аумағында ұрыс қимылдарына ат салысқан ардагерлер мен олардың жесіріне берілуге тиіс. гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінгі Сенат отырысы тұрғын-үй саясатын жетілдіру заңнамасын талқылауға арналды. Бес түрлі өзгерісті көздейтін құжат екі сағат бойы Жоғары палата талқылауында болып, ақыры Мәжіліске кері қайтарылды. Заң жобасында үй алуға басым құқығы бар азаматтарға жалпы тұрғын-үй қорының кемінде 70 пайызы әлеуметтік осал топқа берілуге тиіс.

Сондай-ақ «Отбасы банкін» ұлттық даму институты ретінде қайта құру көзделіп отыр. Яғни қаржы ұйымына бірнеше функция жүктеледі. Осыған дейін жергілікті атқарушы органдар атқарып келген баспанаға мұқтаж жандарды есепке қою, есептің жылжығанын бақылау сынды функцияны жүзеге асырады.

Ләззат Рыспекова, Сенат депутаты:

— Заң аясында жергілікті атқарушы органдар жүргізетін, 647 мың адамнан тұратын кезек күту тізімдерінің қолданыстағы бірыңғай республикалық электрондық базасы «Отбасы банкі» Акционерлік қоғамына беріледі. Бұл ретте «Отбасы банкі» тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы бірыңғай электрондық деректер базасын жасайды, онда сол немесе басқа санатқа жататынына қарамастан, баспанаға мұқтаждар туралы ақпарат енгізіледі.

тұрғын үй Кезек жаңарту

Тақырыпқа жаңалықтар