Түрік танкеріне Қара теңізде шабуыл жасалды
Түркияның ALTURA компаниясына тиесілі, 140 мың тонна шикі мұнай тасымалдаған танкер Босфор бұғазынан 15 миль қашықтықта дрондар шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шабуылдан соң жойқын жарылыс болған. Соның салдарынан кеменің палубасы мен басқару көпірі зақымданған. Апат салдарынан кеме ішіне су кіре бастаған.
Кемеде 27 экипаж мүшесі болған. Олар зардап шекпеді.
Тіркеу деректеріне сәйкес, Сьерра-Леоне туы астында жүрген танкер апаттық көмек сұрағаннан кейін, оқиға орнына жағалау қауіпсіздігі қызметі мен арнайы төтенше жағдайларға арналған Nene Hatun кемесі жіберілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: