Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері сотталды
2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша тіркеген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу нәтижесінде олар көліктердің нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды.
Салдарынан мемлекетке 164 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.
Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: