Түркі әлеміндегі көшбасшылыққа лайық баға: Тоқаев Ердоғанды «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанды «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысының айтуынша, Түркия Президенті – биыл ғана мемлекеттік наградалар қатарына қосылған бұл мәртебелі орденнің ең алғашқы иегері.

Өз кезегінде Режеп Тайып Ердоған Түркістанның пірі атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне ризашылығын білдірді.

«Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын!» – деп жауап қатты Түркия Президенті.

Тоқаев Ердоған Марапат лайық

Тақырыпқа жаңалықтар