Қазақстан жаңалықтары15 қараша 2023, 15:38

Түркістан облысында 24 елдімекен таратылады

Түркістан облысында 24 елдімекен таратылады дейді облыстық қоғамдық кеңес отырысында Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Басқарма басшысының айтуынша, тұрғылықты халқы 50 адамнан аз 20 елдімекендер таратылса, 4 елдімекен біріктірілетін болады. Олардың ішінде Бәйдібек ауданынан Нұра, Үсіктас, Байжансай елдімекендері бар. Ал, Созақ ауданынан Қақпансор, Қоңыратарық кірген. Сондай-ақ, Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Сауран, Түлкібас ауданы мен Арыс қаласынан халық саны 50-ге жетпейтін елдімекендер тізімге еніп отыр.

«Бұл жерде елдімекендер ешқайда көшірілмейді. Тек қасындағы ауылдық округ аумағына қарайтын болады. Әлеуметтік төлемдер қысқармайды, бұрынғыша барлығы төлене береді»-деді Ерғали Тілеген.

Түркістан облысы елдімекендер таратылу

Тақырыпқа жаңалықтар