Түркістан облысында 3 жасар бала жоғалып кеткен

Полиция мен тұрғын 3 жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Таңғы сағат 07:10 шамасында Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Леңгір қаласы көшелерінің бірінде жеңіл киінген, аяқ-киімсіз кішкентай ұл бала жүргенін айтты.

Баланың ата-анасын іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді. Нәтижесінде өзінің ұлын іздеп жүрген әйел анықталып, полицияға жеткізілді.

Анықталғандай, таңғы сағат 06:00 шамасында анасы әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен. Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған дарбазадан далаға шыққан. Содан анасын іздеп, шамамен 3 шақырым қашықтыққа дейін кетіп қалған.

Ал қараусыз жүрген баланы тауып алған азамат бұл жағдайға бей-жай қарамай бірден әрекет етіп, баланы қауіпсіз жерге жеткізеді.

Бала жоғалды полиция

Тақырыпқа жаңалықтар