Түркістан облысында күдіктілер қарызынан құтылу үшін қылмысқа барған

Түркістан облысында Бәйдібек ауданының полициясы мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған екі күдікті жас жігіттерді қолға түсірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер ауыл тұрғындары болып шықты. Олар ақшадан қысылғандықтан қарыздарынан құтылу үшін ұрлыққа барған.

Содан өзара сөз байласып, түнгі сағат 3:00 шамасында жәбірленушінің қора жайына заңсыз кіріп, қорада тұрған екі бас қозы мен екі бас қойын айдап алып кеткен. Одан соң малдарды көлікпен үйлеріне алып келіп, танысына сатып жіберген. Ал одан түскен ақшаны өзара бөлісіп алған. Жәбірленушіге 240мың теңге шығын келтірген.

Сондай-ақ тексеру барысында екі күдіктінің біреуі бұрын сотты болғаны анықталды. Тәртіп сақшылар ұрланған малдарды тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда олардың ісі сотқа өтті.

Мал, ұрлық

Тақырыпқа жаңалықтар