Түркістан облысында лидоман еркек экс-әйелін кепілге алған
Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін кепілге алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Ер адам бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, оған пышақ тақаған. Ер адам экс-әйеліне балаларын көрсетпей жүргені үшін шамданған. Тергеу мәліметі бойынша, ол әйелімен лудомания кесірінен ажырасқан. Әрі бұрын сотты болған.
Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, әйелді алып кетіп қалған. Сол күні ер адам Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.
Сот ер адамды 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: