Түркістан облысында өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған ер адам сотталды

Түркістан облысында ауданаралық сот өз бүйрегін сатуды жоспарлаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол өз ағзасын 13 миллион теңгеге бағалаған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, сотталушы 2025 жылдың ақпанында Telegram мессенджерінде бүйрегін сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Кейін ол жедел іс-шаралар аясында жұмыс істеген, жасырын есімді «сатып алушымен» кездесіп, келісімшарт жасасқан.

Ер адам ақшаның бір бөлігін, яғни 5 миллион теңгені қолма-қол алып жатқан сәтте ұсталды. Сот отырысында ол мұндай қадамға не себепті барғанын ашық айтты.

Түркістан облыс бүйрек заңсыз

Тақырыпқа жаңалықтар