Түркістан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны 43,6 пайызға жетті
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары18 қыркүйек 2024, 13:00

Түркістан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны 43,6 пайызға жетті

Түркістан облысына тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесі жеткізілді. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9 пайызына екпе егу жоспарланып отыр. Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері 150 227 тұрғын жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтырған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырар болсақ, науқастанушылардың 43,6 пайызға өскенін көреміз. Сондықтан да ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Қазіргі уақытта облыстық қоймаға 50 000 дана екпе жеткізілді. ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының асқынуларына жол бермеу үшін өңір бойынша 1 қазанға дейін екпе егу жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр», - деді Бахтыораз Елемесов.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қазіргі таңда ЖРВИ жұқтырған 203 науқас пен пневмониямен ауырған 9 адам инфекциялық төсек-орында жатқандығын айтты.

«Жалпы облыс бойынша 686 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 241-і ересектерге арналған болса, 445-і балаларға арналған. Сондай-ақ, 287 реанимациялық төсек-орын жасақталды» - деді Асхан Байдуалиев.

Түркістан облысы ЖРВИ

Тақырыпқа жаңалықтар