Қазақстан жаңалықтары18 қараша 2025, 19:42

«Түркістандағы өрт»: Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты

Зардап шеккен 3 адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Қаза тапқан азаматтардың отбасына қажетті көмек көрсетілуде. Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқарушылар келген сәтте зардап шеккендердің бірі 1986 жылы туған азамат үйден өз күшімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда, денесінің 12%-ын күйік шалған. Тағы 1991 және 2018 жылы туған азаматтардың денесінің 30% және 11%-ын күйк шалған, қазір олар ӨЖЖ аппаратына қосылған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты», - делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты.

Бозымбаев Жетісай Аурухана науқас
1 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:41 Қазақстан жаңалықтары
1 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар