Түркия Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты
Түркия билігі Ирак, Біріккен араб әмірліктері, Катар, Кувейт, Ливан, Иордания және Бахрейн елдеріне ұшатын барлық әуе рейстерін 6 наурызға дейін тоқтатты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл ақпарат туралы Түркияның Көлік министрлігі мәлімдеді.
Ал Иранға ұшатын рейстер 12 наурызға дейін шегерілді. Түркия Көлік министрі егер жағдай ушығатын болса, Сауд Арабиясы мен Оманға баратын ұшақтарды да тоқтатамыз деп мәлімдеді.
Ал Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерде ешқандай шектеу жоқ. Бұдан бөлек, Түркия билігі Иранмен шекарадағы үш бекетті бір жақты жабу туралы шешім қабылдады. Яғни Түркиядан Иранға өту ашық, ал Ираннан елге тек қана Түркия азаматтары кіре алады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: