Түрмелерде бейнебақылау камераларын сындыру жиілеген
Енді пенитенциарлық (түзету) мекемелерде бейнебақылау камераларын қасақана бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
«Сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында бейнебақылау камераларын қасақана істен шығарады. Соңғы уақытта мұндай фактілер көбейді», деді Шыңғыс Алекешов.
Сондықтан Қылмыстық кодекске «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру» деген 428-1-бап енгізіледі.
Айта кетейік, бұл жауапкершілік сотталғандарға да, ҚАЖ қызметкерлеріне де қатысты қолданылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: