Тұрсынбек пен Мөлдір қайта қосылды ма?
Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өнер иесі Мөлдір Мұқанованың үш баласының қуанышына орай ұйымдастырған тойға шақырылған болатын.
Жазира Байырбекова өз сөзінде Мөлдір мен Тұрсынбекті ең болмаса дос ретінде бірге көргісі келгенін айтты.
«Мөлдір мен Тұрсынбек екеуі де тойда болса екен. Ең болмаса дос ретінде, балалардың алдында, олардың әр қуанышында бірге болса екен. Бірге көрсек екен деп армандап отырмын.
Тұрсынбекті де, Мөлдірді де құрметтеймін, сыйлаймын. Екеуі де өте жақсы адамдар. Білмеймін, шын жүректен соны тілеп отырмын. Балалары үшін бас қосып тұрса екен», - деді Жазира Байырбекова.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: